• Басты
  • Қазақстан Doing Business рейтингінің 10 индикаторлық бағыты бойынша 7 сатыға көтерілді
28 Қазан, 2015 12:51

Қазақстан Doing Business рейтингінің 10 индикаторлық бағыты бойынша 7 сатыға көтерілді

Қазақстан Doing Business рейтингінің 10 индикаторлық бағыты бойынша 7 сатыға көтерілді . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева айтты.
Қазақстан  Doing Business рейтингінің 10 индикаторлық бағыты бойынша 7 сатыға көтерілді | Strategy2050.kz

«Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті қолдау шараларын жүргізіп келеді. Банктің есебіне сәйкес Қазақстан 2015 жылы «Doing Business 2016» рейтингінде 189 ел арасынан 41-орынды алып отыр. Бұл еліміздің тарихында ең елеулі оқиға, ең жоғары көрсеткіш. Былтыр 77 орында болсақ, биыл сол көрсеткіштен 36 сатыға көтерілдік», - деді ол.

Еліміздегі көптеген реформаларға, жұмыстарға байланысты біз осы нәтижеге жеттік.

«Бұл ретте Үкімет қолданыстағы заңнамаға реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнесті құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау, қадағалау қызметін оңтайландыру, еліміздегі бизнестің ахуалын жақсарту мақсатында заңға өзгертулер енгізуіне байланысты осындай көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Дүниежүзлік рейтингке сәйкес, біз 50 дамыған елдің қатарына қосылдық деп есептеуге болады», - деді Ғалия Жолдыбаева. 

Оның айтуынша, Венгрия – 42, Чили- 48, Түркия -55, Люксембург- 61-орында тұр. Ал Кеден одағындағы елдерге келсек, Беларусь – 44, Ресей -51, Қырғызстан – 67-орында.

Мәселен, «Халықаралық сауда» индикаторында Қазақстан өзінің орнын 63 сатыға дейін жақсартып, бірден 185-орыннан 122-орынға секірген. Осындай жетістіктер ең қиын индикаторлардың бірі - «Құрылысты жүргізуге рұқсат алу» саласы бойынша да байқалған: 154-орыннан 92-орынға, яғни 62 сатыға жоғарылады.

«Кәсіпорынды тіркеу» индикаторы бойынша да едәуір жақсы жетістік бар, Қазақстан 34-орынға көтерілді. Былтыр біз 55-орында болғанымызды ескерсек, биыл үздік отыздыққа еніп, 21-орынға тұрақтадық.

Индира Кауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды