- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үлескерлерге кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін
Қазақстанның үлескерлерге кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін
Заң жобасымен тұрғын үй құрылысы саласында реттеудің тың тәсілдері ұсынылады. Атап айтқанда, үлестік салымдарды кепілдендіру, екінші деңгейлі банктердің жобаны қаржыландыруы, тұрғын үй ғимараты қаңқасын құрылыс салушының жеке қаражаты есебінен тұрғызу қарастырылады.
«Қазақстанда үлестік салымдарды келіпдендіру жүйесін құру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ Қоры негізінде Кепілдендіру қорын құру ұсынылады. Бұндай уәкілетті компания тұрғын үй ғимаратының құрылысы бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жарғылық міндеттерге сәйкес Қор тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін үлескерлерге кепілдіктерді ұсынады Ал жаңадан құрылатын Қор үлестік құрылысқа қатысушыларға қаржылық тұрақтылық, тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды. Сосын ол инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлердің ақшасын мақсатты пайдаланылуына бақылау тетіктерін енгізеді. Ең үздік тәуекел менеджментінің тәжірибесін пайдаланатын болады», - деді Ұлттық экономика министрі.
Оның айтуынша, құрылыс салушыларға талаптар да белгіленеді. Мәселен, ондай тұрғын үй ғимараттарын салатын құрылыс салушылардың тәжірибесі кемінде үш жыл болуы шарт, соңғы екі жылда залалсыз қызмет атқарған болуы керек. Сонымен қатар құрылыс компаниясының қарыз және меншік капиталының ара қатынасы жетіден аспауы керек.
Сондай-ақ, қор құжаттар мен кепілдіктің берілуі мен берілмеуі бойынша шешім қабылдайды. Егер қор мақұлдайтын болса инжиниринг компаниясын жалдап, техникалық мониторинг, құрылыс-монтаждық жұмыс көлемін мақұлдап, жобалық-сметалық жұмыстарды атқарады.
Мәжілісте бірінші оқылымда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын бірінші оқылымда мақұлдады.
Анар Тәңірқұлова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді