- Басты
- Жаңалықтар
- Мариинский театрының әртістері қазақстандық «Аққу көліне» қатысады (ФОТО)
Мариинский театрының әртістері қазақстандық «Аққу көліне» қатысады (ФОТО)
Композитор әлемдік хореографиялық классиканың жауһарын 1875 жылы жазған. Елордалық театрдың сахнасында аталған балет қазақстандық қоюшы хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның нұсқасында қойылады.
«Аққу көлінің» негізіне, халық арасында кеңінен тараған ауыз әдебиеті ертегісіндегі зұлым күштің дуасынан құсқа айналған қыз жайлы оқиға алынған. Чайковскийдің балетінде Зигфрид ханзада (Евгений Иванченко) Одеттаны (Оксана Скорик) құтқарады, алайда ол жазмыштан асып кете алмай, опасыздық танытады да, қайғылы оқиғаның себепкері болады. Ханзада сарайындағы балға Одеттадан айнымайтын Одиллия келеді, алайда ол Одеттадай нәзік әрі ұялшақ емес, еліктіргіш те, зұлым еді. Адалдық антын бұзған Зигфрид, шын мәнінде Одеттаға берік еді. Әйтсе де қателігін түсінген ханзада өз махаббатын мейірімсіз данышпан Ротбартпен күрес кезінде дәлелдейді.
«Мен үшін бұл қашанда ең күрделі спектакль, солай болып қала береді. Техника мен кейіпкерді сомдау тұрғысынан алғанда. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, мен оны өте жақсы көремін. Нәзік, жүректі қозғайтын, кейде толқып, шамалы жатсынып тұратын, сөйте тұра нағыз махаббатқа сенген Одеттаны, және жарқырағаны болмаса, бос кеуде, еліктіріп әкететін һәм әміршіл Одиллияны орындау – ең негізгі мақсат. Олардың екеуі де жаныма жақын. Бойымнан екеуі де табылады, сол себепті мен сахнада ойнамаймын, өз сезімімді бастан кешемін деуге болады. Мен бұл бейнелерді үнемі бүкпесіз орындауға тырысамын», - дейді Оксана Скорик.
Балеринаның өмірі мәнді әрі түрлі оқиғаларға қанық. Осынша жас шағында ол тек театр сахнасында ғана бағын сынаған жоқ, оның қоржынында «Тамаша трагедия» атты фильмде басты кейіпкерді сомдаған жарқын бейнесі де бар. Оның сахнадағы серігі – Евгений Иванченко – Мариинский театрының ханзадаларының бірі, ұзақ уақыт бойы Үлкен театрда билеген.
Жақында Скорик-Иванченко дуэтіне 5 жыл толды.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады