- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде салынып жатқан толық циклды автозауыттың құрылысына 4,1 млрд теңге бағытталады
Өскеменде салынып жатқан толық циклды автозауыттың құрылысына 4,1 млрд теңге бағытталады
Осыған дейін айтылғандай, отандық автокөлік шығаруды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша автозауыттың инженерлік инфрақұрылымы салынатын болады. Электрқуатымен, жылумен, сумен қамту, кәріз жүйесі және кіре беріс жолын салу үшін республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қарастырылған. Нысан құрылысы 2016 жылдың екінші жарты жылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бүгін кеңес барысында мердігер ұйымдардың өкілдері өткен екі аптада атқарылған жұмыстар турасында есеп берді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс кестесі жасалған болатын. Даниал Кенжетайұлы өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша, әрбір мердігер ұйымға ескертулер жасады.
Жылумен, сумен қамту және кәріз жүйелерін салумен айналысатын «СК Алматы Құрылыс» ЖШС-не құрылысшылардың, жабдықтар мен арнайы техника санын көбейту ұсынылды.
Ал, электрқуатымен қамту жүйесін жүргізуге «Қазэлектромонтаж-С» АҚ жауапты. Бүгінде кәсіпорын Өскемен және Кентау қалаларына трансформаторларға тапсырыс берген. Облыс әкімі жабдықтың барлық түрлерін жеткізу кестесін көрсетуді сұрады.
Кіре беріс жолдарын салумен «ЭнергоРемСервис-Алматы» ЖШС айналысатын болады. Аталмыш кәсіпорын тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп, жұмыс күші мен техниканы жұмылдыруда. Ал, негізгі жұмыс ертең басталады.
Аймақ басшысы құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын өзі жеке бақылауды жалғастыра отырып, апта сайын құрылыс алаңына келіп тұратынын басып айтты.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр