Президент пен Үкіметтің диалогы жалғасын таппады – Н.Ерімбетов

1 Қараша, 2013 17:45
Жақында 11 қазандағы өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президенттің айтқанын шенеуніктер атүсті тыңдап, ұмыт қалдырды, деген сынды «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» президенті Нұрлан Ерімбетов ОКҚ-нің отырысында айтты , деп хабарлайды BNews.kz.

«Сол кездегі Елбасының айтқандары, сол жерде өрбіген әңгіме маған Қазақстанның азаматы ретінде, жалпы адам ретінде қатты әсер қалдырды. Нағыз ерлердің ашық сөздері маған қатты ұнады», - деп өзінің сезімімен бөлісті Н.Ерімбетов.

«Президент елдегі барлық жағдайды бақылап отыр, бәрінен хабардар», - деп толықтырды өзінің сөзін азаматтық альянстың басшысы.

«Өкінішке қарай, әлгіндегі сөз толықтай үкімет тарапынан қамтылмай отыр. Кезекті жоспарлар, кезекті  доктриналар қабылдануда. Нақ іске көшкен жоқ шенеуніктер, ал халық Елбасы айтқанының іс жүзінде көрініс тапқанын күтті. Бірақ бәрінің де соңы әдеттегідей сиыр  құйымшақтанып кетті», - деп түйіндеді ҚАА басшысы.

 

 

 

Барлық жаңалықтар