- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ДСҰ-ға енуі – республика экспорттаушылары үшін басымдылық (ВИДЕОЛЕКЦИЯ,5 БӨЛІМ)
Қазақстанның ДСҰ-ға енуі – республика экспорттаушылары үшін басымдылық (ВИДЕОЛЕКЦИЯ,5 БӨЛІМ)
«19 жыл бойы біз Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша келіссөздер жүргіздік, бұл біздің сарапшылар іске өте жауапты қарағанын білдіреді. ДСҰ ішкі және сыртқы нарықты қамтиды. Ішкі нарықты көздеген тауар өндірушілер үшін - бұл жаңа сынақ. Бұл жаңа кәсіпорындардың ашылуы, себебі өзге елдер Қазақстан нарығына енетін болады, бұл бәсекелестікті арттырады. Бәсекеге болған жерде сапа мен баға өзгереді. Сыртқы нарықтар туралы айтатын болсақ, біздің экспорттаушылар үшін ДСҰ-ға ену басымдылық болып саналады, олар өзге елдердің нарығында бәсекеге түсе алады», - деді А.Арынов.
Сарапшы атап өткендей, осы орайда KAZNEX INVEST индустрияландырудың екінші бежылдығы аясында өндірушілер үшін отандық өндірушілерді қолдаудың екі әдісін енгізді.
«Біріншіден, KAZNEX INVEST шетелдегі өкілдігі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді. Халықаралық тәжірибе бойынша, аталмыш өкілдіктің ашылуы сауданың жылына 6-7 пайызға дамуына серпін береді», - деді сарапшы.
А.Арынов айтып өткендей, Қазақстан Даму банкімен бірлесіп сауданы қаржыландыру бойынша жаңа құрылғылар енгізілді, оның нәтижсесінде отандық өндіруші өнім өндіруге орай ұзақмерзімді және қысқамерзімді келісімдерді жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 35 млрд теңгені 10 компания алды, олар шығарып отырған өнім болашақта экспортқа шығады.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев