- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы «Менің Қазақстаным» атты VI халықаралық ән фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады
ҚР Мемлекеттік хатшысы «Менің Қазақстаным» атты VI халықаралық ән фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады
Қазақтың ән өнерін кеңінен таныту және қолдау мақсатына арналған фестивальге Қазақстан эстрада шеберлері, сондай-ақ «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов әндерінің бай мұрасын репертуарына енгізген дарынды жастар қатысты.
Көпшілікке арнаған сөзінде Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Шәмші Қалдаяқовтың қазақ мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесіне Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары үш бірдей Жарлығы арқылы жоғары баға бергенін атап айтты.
Атап айтқанда, 1991 жылы Ш.Қалдаяқов «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын иеленсе, 2006 жылы оның әйгілі «Менің Қазақстаным» әні еліміздің мемлекеттік әнұранына айналды, ал 2010 жылы авторға ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.
Г.Әбдіқалықова Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі лауреаттарының ЭКСПО-2017 ұлттық жобасын іске асыру аясында бүкілқазақстандық мәдениеттің таныстырылымы шарасына қатысатынын атап өтті.
Биыл еліміздің барлық өңірінде фестивальдің іріктеу турлары өтті. Бас жүлде үшін 33 қатысушы сайысқа түсті. Фестивальдің бас жүлдесін иеленген Ұлпан Әбдікәрімоваға 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық тапсырылды.
Фестивальдің гала-концертіне Қазақстан сахна өнерінің шеберлері – ҚР халық әртісі Н.Нүсіпжанов, республиканың еңбек сіңірген әртістері М.Ілиясова, М.Мұхамедқызы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Х.Шалабаева, А.Жылтыркөзов, халықаралық конкурстардың лауреаттары М.Арапбаева, О.Алтынбеков, Б.Исаев, С.Байжұманова, А.Кішкенбаев және Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2014» халықаралық ән фестивалінің бас жүлдегері Қ.Айбек қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді