- Басты
- Жаңалықтар
- А.Баталов: Талдықорған өзінің әсемдігі мен бірегейлігімен таңдандыруы керек
А.Баталов: Талдықорған өзінің әсемдігі мен бірегейлігімен таңдандыруы керек
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының Алматы-Өскемен айналма жолы аралығын абаттандыру, Қаратал өзені жағалауының құрылысы, «Қаратал» ықшам ауданы мен Тәуелсіздік көшесінің аралығындағы скверді абаттандыру және жаңа «Жастар» саябағының құрылыс жұмыстары, Оқушылар сарайының құрылысы мен Талдықорған - Алматы тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
«Талдықорған қаласы өзінің тазалығымен және жасыл желегімен ерекшеленеді. Сол себепті барлық құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың айналасы абаттандырылып, көгалдандырылуы тиіс. Жаңадан отырғызылған жас көшеттерді күтіп-баптауды осы істің мамандары жүргізуі керек. Барлық нысандарда сапалы құрылыс материалдары пайдаланылып, онда барлық құрылыс ережелері мен нормаларының сақталуы назарда болуы қажет. Қалаға деген көзқарас оның кіре берісінен қалыптасады. Сол себепті қалаға кіреберіс тұстарда салынып жатқан нысандар өзінің қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен көздің жауын алып тұруы шарт», - деді А.Баталов.
Бүгінгі күні облыс орталығы Талдықорған шаһарында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында әртүрлі кемшіліктердің де орын алып жатқаны байқалды.
Облыс әкімі Амандық Баталов анықталған кемшіліктерге қатысты құзырлы мекеме басшылары мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылыларына сын-ескертпелерін білдіріп, жақын уақытта аталған кемшіліктерді түзету және құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау туралы нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді