• Басты
  • Н.Назарбаев Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)
27 Қазан, 2015 16:54

Н.Назарбаев Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақстан-Жапония бизнес форумында Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды.
Н.Назарбаев Жапонияның іскерлік топтарын Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды (ФОТО) | Strategy2050.kz

Қазақстан Президенті бағыттардың бірі ретінде ИИДМБ екінші бесжылдығын атады.

"Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатыр, 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды. Осының барлығына жапон кәсіпкерлері инвестиция құя алады. Инвесторлар жер салығынан босатылады. Сонымен қатар 20 елдің кәсіпкерлеріне визасыз режим енгізілген. Оның ішінде Жапония да бар", - деді Президент.

2015 жылы оның екінші бесжылдығы басталды. Ол 6 басым бағыт бойынша өтеді, өңдеуші өнеркәсіп: мұнайxимия, металлургия, xимия, машина жасау, құрылыс материалдарын жасау, тамақ өнеркәсібі.

«Басым салалардың инвесторлары корпоративтік, қосымша және жер салықтарынан 10 жылға босталды. Мүлікке салынатын салық  8 жылға қысқартылды. Жобаның құрылысы аяқталған соң шығынның 30 пайызы қайта қайтарылады. Инвесторлар арнайы рұқсат пен келісімсіз ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға құқылы. Сондай-ақ, 20 елдің инвесторлары үшін визасыз режим орнатылды, оның ішінде Жапония да бар.

Н.Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жаңа инфрақұрылымдық бағдарламасына назар аударды.

«Қазақстанда "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясат жүзеге асырылуда. Ол - Астананы оңтүстікпен, шығыспен, батыспен, солтүстікпен жалғайтын инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік-логистикалық xаб болады. Біз Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғай аламыз. Біз Қытайдың Ляньюньгань портында терминал салдық. Қазіргі уақытта Ляньюньгань портынан Қазақстанға 300 мың контейнер жүк тасымалдануда. Болашақта Қытайдан Еуропаға бағытталатын ол жүктердің көлемін 500 мың контейнерге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Елбасы.», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өткен болатын.

Іс-шараға автокөлік жасау, авиация және ғарышкерлік, электроника, xимия өнеркәсібі, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау, жүк тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларын қамтитын 500-ден астам компания қатысуда.Форум аясында Қазақстан мен Жапонияның инвестициялық мүмкіншіліктері, екі елдің шетелдік инвесторларын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылмақ. Сонымен қатар форум аясында қазақстандық-жапондық инвестициялық жобалардың көрмесі өткізілуде.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды