- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Жапония бизнес форумының қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллардың 14 құжатына қол қойылады – ҚР ИДМ
Қазақстан-Жапония бизнес форумының қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллардың 14 құжатына қол қойылады – ҚР ИДМ
«Бүгінгі таңда ынтымақтастық саласындағы барлық проблемалар шешілді. 25 қазаннан бастап инвестиция, визалық режим мен шетелдік жұмыс күшін енгізу бойынша келісім күшіне енеді. Бүгінде шараға 300 келушінің орнына 500 қатысушы келіп отыр. Бұл екі ел қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді», - деді Ә.Исекешев.
Министрдің айтуынша, дәстүрлі байланыстан бөлек, шикізат, мұнай және газ, уранды алу және өңдеу, индустриялды салада, көліктік логистика және инновациялық ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жүргізу қарастырылып отыр.
«Мәселен, көліктік логистика саласында жапондық ірі логистикалық компания үш жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Олар Қоғаста логистикалық орталықтың ашылуы мен транзиттік жүк тасымалын үлкейтеді. Қарағанды және Қостанай облыстарында сирек жер металдарын барлау жобасы басталды. «Тойота Моторс» автомобильдерін жинау бойынша серіктестік белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, «Шимадзу» компаниясымен медициналық қондырғыларды жинау қарастырылған. Жалпы, 1,5 млрд доллардың 14 құжатына қол қойылады. Бүгінгі форумнан кейін бірлескен жобалар мен келісімдер пайда болатынына сенмідімін», - деді ведомство басшысы.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары