Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өз жұмысын бастады

27 Қазан, 2015 14:43
Астанада Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің іскерлік қауымының қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтуде.

Жапондық тараптан экономика, машина жасау, авиация және ғарыш, электроника, химиялық өнеркәсіп, қаржы және мүлік, жүк тасымалдау, астық саласы, денсаулық сақтау саласының 100 компаниясы қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.

Іскерлік бағдарламалық бизнес – форумда В2В форматында жапондық компаниялармен кездесу өткізу және екіжақты құжаттрға қол қою қарастырылып отыр.

Форум аясында Қазақстан-Жапония инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді. Форумның қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады. Оған, қоса, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық машина жасау, автомобиль терминалын құру меморандумдарына қол қойылу күтілуде.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар