• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік органдар өз жұмыстарының бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға тапсыруы керек – Н.Ерімбетов

Мемлекеттік органдар өз жұмыстарының бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға тапсыруы керек – Н.Ерімбетов

1 Қараша, 2013 16:50
Соңғы кездері үкіметтік емес ұйымдардың қызметінде көптеген кері кетулер байқалуда. Бір кездері Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан құрылым бүгінде күйреу үстінде, деді Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ отырысында.

«Біз қазір мемлекеттік органдар қызметінің бір бөлігінің үкіметтік емес ұйымдардың құзіретіне өткізілуін қалаймыз. Біз қызметкерлерді табамыз», - деді Н.Ерімбетов.

Ерімбетовтың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың әсіресе аймақтардағы жұмысында көптеген субъективизмдер көрініс табуда.

Статистика көрсеткіштері бойынша, ҚР-да 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркелген.

«Негізінен солардың ең үздік 1,5-2 мыңы іріктеліп қалғаны дұрыс. Көбі жабылып қалды, өйткені үкіметтік емес ұйымдар коммерциялық сипат алып кетті. Сол себепті бүгінде біз үкіметтік емес ұйымдар жұмысының әкімдіктер рейтингінде көбейту туралы ұсыныс тастап отырмыз. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында жол, өндіріс, мал шаруашылығы да қарастырылғаны дұрыс», - деп нақтылады Азаматтық альянс президенті.

Ерімбетовтың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік және үкіметтік шараларға белсенді араласуы керек.

 

Барлық жаңалықтар