- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ауыл шаруашылығы авиациясына арналған ұшақтар таныстырылды (ФОТО)
Астанада ауыл шаруашылығы авиациясына арналған ұшақтар таныстырылды (ФОТО)
Көрмеде әлемдік агроконцеріндердің ауыл шаруашылығы машиналарымен қатар түрлі құрылғыларымен танысуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы секторға арналған инновациялық технлогиялар және түрлі жобалар ұсынылды.
«Бұл көрмеге Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысып отыр. Көрмеден еліміздің аграрлық потенциалы мен экспорттық әлеуетін көруге болады», - дейді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.
Бүгінгі күні ұсынылған жобалардың ішіндегі ерекшесі қоян етін өңдеуге арналған ферманың жұмысы болып отыр. Ферма Алматы облысында орналасқан. Сапалы өнім алу үшін қояндарға люцерн мен күнбағыстар жем ретінде беріледі. Жылдық өнім көрсеткіші 160 мың бастан асады.
«Таза ет өнімі 2,5 кг шамасында. Қоян еті диеталық тағам ретінде ұсынылады. Қазіргі уақытта еттің бұл түріне сұраныс артып келеді», - дейді ферма меңгерушісі Наталья Расторопнова.
Көрмеде жұртшылықтың қызығушылығын танытқан 4 орындық отандық «Арай» ұшағы болды. Ұшақ канадалық ұшақтың негізінде жасалған. Ұшып-қонуы үшін 901 метр шамасындағы алаң жеткілікті. 100 шақырымға 35 литр жанармай қажет ететін ұшақ 1200 шақырымға дейін ұша алады. Ұшақты тұқым себу мен тыңайтқыштар шашу үшін пайдалануға болады.
Данияр Касымов
Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері