- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Жапонияның ірі бизнес өкілдері Қазақстанда жұмыс істеуге дайын
Н.Назарбаев: Жапонияның ірі бизнес өкілдері Қазақстанда жұмыс істеуге дайын
«Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2 ел арасындағы сауда айналымы өткен жылы 2 млрд АҚШ долларын құраған болатын. Осы жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 600 млн долларды құрады. Біздің елдер арасындағы бір-бірін өзара толықтыратын мүмкіндіктер атом энергетикасы,ауыл шаруашылығы, автомобиль жасау, жоғары технологиялар саласын қамтиды. Қазақстанда бірқатар жапондық ірі компаниялар белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, 700 миллион доллардан астам қаржығы 6 бірлескен жоба жүзеге асырылған, сонымен қатар құны 700 миллион доллар көлеміндегі тағы 10 жоба белсенді түрде алға жылжыту кезеңінде тұр»,-деді Президент.
ҚР Президенті атап өткендей, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің ресми сапары аясында өтетін бизнес форум ынтымақтастықтың тереңдеуі мен қосымша платформасына айналады.
«Келіссөздерге жапондық ірі компанияларының өкілдері қатысты, олар біздің елде жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді. Біздің сирек металдарды барлау, атом энергетикасы, банк секторы, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы ынтымақтастығымыз маңызды бола түспек», - деді Елбасы.
Ботагөз Айтжанова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді