- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда
ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге 6 жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда
ҚР ИДМ Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation» оңтүстік корея ұлттық компаниясы, «Iluka Resources Limited» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестицияларының жеке қоры сияқты шетелдік ірі инвесторлармен геологиялық барлау жұмыстарын бастады.
«Қазіргі уақытта, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД елдерімен шекаралық аумақтарда жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен бірге, 5 елдің қатысуымен (Ресей, Қытай, Монғолия, Корея Республикасы және Қазақстан) «Солтүстік-Орталық-Шығыс Азия және іргелес аумақтардың геологиялық құрылымы мен металлогениясы» бірлескен халықаралық жоба бойынша қызмет жүзеге асырылуда», - деді ол.
Қазақстан мен Қытайдың бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталары жасалып, іргелес аумақтардың геологиялық карталарын байланыстыру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде.
«ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге «Қазгеология» АҚ пен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 60 маманын 6 жаңа технология мен озық әдістемелерге оқыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Сондай-ақ 16 маман «Iluka Resources Limited» компаниясында шашыраңқы кен орындарын барлаудың австралиялық технологияларын оқып-үйренуден өтеді», - деді ол.
Ғ.Нұржановтың айтуынша, 2015 жылғы қаңтарда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына өзгерістер күшіне енді. Қабылданған түзетулер жер қойнауын пайдаланушылар жұмысындағы кедергілерді алып тастауға, салалық құқықтық базаны жетілдіруге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.
Айта кетейік, Салада қолайлы инвестициялық ахуал жасау, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын сапалы орындау үшін ведомство геологиялық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғасытруда. Қазіргі таңда, геологиялық есептердің электронды картотекасы 76% толтырылды. Жылдың аяғында 100% толығуы күтілуде.
Осылайша, бүкіл Қазақстан бойынша барлық геологиялық зерттеулер туралы анықтамалық ақпаратпен қашықтытқта жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қатты пайдалы қазбалар бойынша интерактивті карта дректерін жаңарту жөнінде жүйелі жұмыс жолға қойылды. Қазіргі таңда,пайдалы қазбалар түрлері бойынша (алмас, титан, алюминий, мыс, қорғасын мен мырыш, алтын, алтын шоғырлары кен орындары) бойынша 8 анықтамалық дайындалды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты