ШҚО-да жұмыспен қамтудың пилоттық жобасы құрастырылуда

1 Қараша, 2013 17:50
Әлеуметтік жаңғырту және тұрғындарды жұмыспен қамту басымды бағыттардың бірі болып табылады. Осы мәтінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талдау көрсетілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы облыс үшінші бағыт бойынша пилоттық режімде жұмыс істейді. Жұмыс беруші тарапынан 10% қаржыландыру арқылы 2-пәтерлі он үй, 60 пәтерлі бір үй, 10 пәтерлі алты үй, 15 жеке тұрғын үйлер салынуда, соның арқасында дамып келе жатқан кәсіпорындардағы білікті кадрларға деген тапшылық мәселесі шешілетін болады. Еңбек нарығындағы жастарға тұрғын үй мәселелерін шешу арқылы бастапқы мүмкіндіктер беру бойынша шаралар қабылдануда, облысымызда 3 жатақхана салынды, ағымдағы жылдың аяғына дейін қоныстандырылатын болады», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар,  ақпарат бойынша Өскемен, Семей, Риддер қалаларында шағын жанұялар үшін жатақхана салынады.

 

 

Барлық жаңалықтар