- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери қызметшілері оқу лаңкестікке қарсы операцияны жүргізді
Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери қызметшілері оқу лаңкестікке қарсы операцияны жүргізді
Сабақтар Шұбаркөл қаласындағы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округінің 255-ші түраралық полигонында бес күн бойы өтті. Біріккен штабы бастығының басшылық етуімен жиынға қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Армения және Беларусь ҚК-нің өкілдері, Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрліктерінің жетекші әскери білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының лауазымды тұлғалары тартылды.
Қазақстандық армиядан ҰҚШҰ-ның Біріккен штабындағы ҚР Қарулы Күштерінің тұрақты өкілдері, Аэроұтқыр әскерлерінің офицер-жетекшілері және Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілі қатысты. Штабтық жаттықтыру барысында әскери қызметшілер бірлескен ланкестікке қарсы операцияға қатысуға тапсырма алған кезде әскери қызметшілер қолбасшылық пен штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.
ҰҚШҰ Біріккен штабының басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Сонымен қатар, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери ғылым өкілдеріне ұйымның алты елінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыру тілегі айтылды.
Аталған жедел жиындар 2015 жылы ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құралымдары мен басқару органдарының бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық жалпы жүйесіндегі соңғы іс-шара болғанын айта кеткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер