- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Исекешев пен «JOGMEG» басшылығы геологиялық зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жобаға қатысты мәселелерді талқылады
Ә.Исекешев пен «JOGMEG» басшылығы геологиялық зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жобаға қатысты мәселелерді талқылады
Кездесу Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абенің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Тараптар Қазақстанда алдын ала геологиялық зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жобаға қатысты мәселелерді талқылады.
“JOGMEG” мен «Қазгеология» геологиялық барлау компаниясы жұмыстарын келесі жылы көктемде Қарағанды облысының Қыземшек және Қостанай облысының Жаңарқалық иттрий кеніші учаскесінде бастайды. Жоба 3 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты. Бұл мәселені жан-жақты талқылау үшін компания деңгейінде жұмыс тобы құрылып, қосымша кездесу өткізіледі.
ҚР ИДМ өткен кездесу қорытындысы бойынша жапониялық “JOGMEG” корпорациясы мен «Қазгеология» АҚ пайдалы қазбалар саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Индустриаландыру бағдарламасы аясында геология және жер қойнауын пайдалану саласында әлемдік ірі компаниялардың қатысуымен жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, Австралия-британиялық концерн «RioTinto», оңтүстіккореялық «Korea Resources Corporation», австралиялық «Iluka Resources Limited» компаниясы мен неміс инвестициясы «Ulmus Fund» жеке қорының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстары басталды.
Айта кетейік, «JOGMEG» корпорациясы Жапонияның өнеркәсібіне қажетті мұнай, газ, көмір және минералды ресурстарын жеткізіп және қамтамасыз ету үшін 2004 жылы құрылды.
«Қазгеология» АҚ 2011 жылдың соңында Үкімет қаулысымен Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздің жер қойнауын оңтайлы зерттеуді қамтамасыз ету, минералдық-шикізаттық қорды өндіріп, нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді