- Басты
- Жаңалықтар
- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасына алғашқы шақырылушылар да келіп жетті (ФОТО)
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасына алғашқы шақырылушылар да келіп жетті (ФОТО)
3 жылдан астам 5-ші механикаландырылған бригадада мерзімді қызмет сарбаздары қызмет өткермегенін айта кеткен жөн. Бұл соңғы уақыттағы алғашқы толым. Сондықтан сарбаздардың келуіне ерекше дайындалдық. Теміржол станциясында бөлім қолбасшылығы оркестр және күмбірлеген әуенмен жаңадан келген жауынгерлерді салтанатты түрде қарсы алу ұйымдастырылды.
Шақырылушылар Астанадан, Ақтөбеден, Оралдан бірнеше команда болып келді. Ертең Алматыдан тағы бір соңғы команданың келуі күтілуде. Барлығы осы күзгі шақырылым аясында әскери бөлім шамамен 160 мерзімді сарбазды қабылдайды. Бір ай ішінде жаңадан келген сарбаздарға жас жауынгер курсынан өту қажет. «Бөлімге шақырылушылардың келуіне орай барлық жағдай жасалған, жиын әкімшілігі құрылған.
Оның құрамына сарбаздарды әскери істің негізін оқытып қана қоймай, сонымен бірге олар үшін таңсық жағдайға бейімделуге көмектесетін тәжірибелі сардарлар кірді», - деп атап өтті жиын әкімшілігінің бастығы капитан Тимур Садықов. 11971 әскери бөлімі 5-ші механикаландырылған бригадаға бағынысты бөлім болып табылады. Сондықтан оқу аяқталғаннан кейін сарбаздар бригаданың әртүрлі бөлімшелеріне бөлінеді. Жақында Тараздан жас сарбаздар келген қалаларға жеткіншектерді бригадаға іріктеу үшін бір топ офицерлер шықты.
Барған жерлерінде олар әрбір шақырылушының ісін мұқият тексерді, бозбалалармен әңгімелесті, анағұрлым лайықты дегендерді іріктеді. Бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздарды тереңдетілген психологиялық тестілеу күтіп тұр. Анағұрлым жоғары жүйке-психикалық тұрақтылығы бар сарбаздар қарауылдар мен нарядтарда қызмет өткеру үшін жауынгерлік бөлімшелерге бөлінеді.
Жүйке-психикалық тұрақтылығы орташа дәрежедегі бозбалалар қамтамасыз ету бөлімшелеріне жіберіледі. «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес олар бір жыл борыштарын атқару қажет, одан кейін запасқа босатылып, еліміздің әскери-оқытылған резервісінің құрамына кіреді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды