- Басты
- Жаңалықтар
- Коста-Рика ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытты
Коста-Рика ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытты
Ұлттық компания басшысы Коста-Риканың алдағы ЭКСПО-2017-ге қатысуына аса мүдделі екенін білдірді. Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануға толықтай дерлік ауысқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылатын елдің тәжірибесі Көрме үшін өте бағалы.
«Ұлы Британия энергияның 19%-ын жаңғыртылатын көздерден өндіріп шығарады, ал Коста-Рика осы көрсеткішті 90%-ына дейін жеткізді. Бұл шынында бірегей әрі әсерлі нәтиже. Біз Коста-Риканың ЭКСПО-дағы өкілдігіне өте мүдделіміз, мұның үстіне Республикада өмір сүру деңгейі жоғары және экономикасы дамыған», - деді Ахметжан Есімов.
Бүгінгі таңда Коста-Рикадағы электр өндірісінің ең көп бөлігі гидроэлектростанциялар үлесіне келеді. Сонымен қатар, жел мен күн энергиясының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Су ресурстарының біртіндеп таусылуына байланысты, бұл елде жанартаулардың жылуын пайдаланатын геотермалды станциялар салына басталды. Жуырда Республика жаңа энергетикалық матрицаны ұсынған еді және 2021 жылға қарай ол көміртек шығарындыларының балансы нөл болатын әлемдегі бірінші мемлекетке айналуды көздеп отыр.
Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санс өз кезегінде энергетика проблемалары бұлардың климаттың өзгеруіне тигізетін жағымсыз әсерін ескере отырып, әлемде ең талқыланатын проблемалар болуы керектігін айтты. СІМ басшысы Қазақстанның ЭКСПО өткізу бойынша бастамасын қолдап, болашақ ынтымақтастыққа қатысты болжам жасады. «Астанада Коста-Риканың бай тәжірибесін InstitutoCostarrisencedeElectricidad (ICE) – Экология министрлігі жанындағы мемлекеттік компания ұсына алады, ол электр энергиясын өндіріп шығару және тарату мәселелерімен 60 жылдан астам уақыт бойы айналысып отыр», - деді Санс.
-
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова -
"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы -
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды -
Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға оң қызығушылық байқалады -
Ресейдің бизнес қауымдастығы АХҚО жұмысына үлкен қызығушылық танытып отыр -
Жеңіс Қасымбек қазақстандық өңделген тауарға қызығушылық танытқан елдерді атады -
Қазақстанның тәжірибесі Африкада қызығушылық танытуда - Айоделе Одусола (ВИДЕО) -
Латын әліпбиіне көшу қазақ тіліне қызығушылықты арттырады – Г.Баймаханова -
ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін нысандарды қолдану (ИНФОГРАФИКА) -
Әлемдік ғылыми қауымдастық қазақстандық өнертапқыштың жобасына қызығушылық танытты -
Қазақстандық инноваторлар «Экспо-2017» көрмесіне қатысу үшін 600-ден астам әзірлеме жіберді -
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді -
Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёёв қазақстандық компаниялардың көрмесіне қатысты -
ЮНИДО ЭКСПО-2017 көрмесіне алғысын білдірді(ВИДЕО) -
ҚТЖ ЭКСПО-2017 көрмесіне келген жолаушыларды санады