- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті
Н.Назарбаев Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті
Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар екенін, сондай-ақ Катар өз өңірінде ғана емес, халықаралық аренада да маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Катар қарқынды дамып келеді, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші ең жоғары елдің бірі болып саналады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Катар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына тоқтала келіп, сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды мейлінше жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты.
«Иранның Парсы шығанағындағы Бандер Аббас портына Қазақстаннан тікелей шығатын теміржол елдеріміз арасындағы тауар айналымының жандануына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Орталық Азияда Қазақстанның әлеуеті зор және экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайынбыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
Кездесуге Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы, «Al-Faisal Holding Co.» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касем Әл Тани, Катар бизнесмендері қауымдастығының тең төрағасы, «Ezdan Holding Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Халед бен Тани Әл Тани, сондай-ақ «Um Haish International», «Medicare Group-Ahli Hospital», «Al Rayan Bank», «Qatar International Islamic Bank», «Qatar National Bank», «Qatar Solar Energy», «Qinvest Bank» сияқты ірі компаниялар мен банктердің басшылары қатысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері