- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен 523 келісім орнатылған
ИИДМБ: Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен 523 келісім орнатылған
Қатты пайдалы қазбалар негізгі түрлері қорларының өсуі мынадай: алтын - 418 тонна; мыс - 5,2 млн. тонна. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың міндеттемелерін орындамауы мәнінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 191 келісімшарт бұзылды.
Сондай-ақ, осы кезеңде 27 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерін бекіткен 670 жоба қаралды әрі бекітілді. Уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, қатты пайдалы қазбалар бойынша 136 жаңа келісімшарт жасалды.
Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге мораторий алынғаннан кейін 2014 жылы конкурс өткізіліп, 36 жеңімпаз айқындалды. Олар тек қана біржолғы төлем ретінде 1,5 млрд. теңгеге жуық сомада қол қою бонустарын ұсынды. Бұл ретте, геологиялық барлау саласына күтіліп отырған инвестициялар көлемі 1 келісімшартқа 2 млн.$ есебімен 70 млн.$, астам соманы құрайды деп болжануда.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының нашар зерттелген аумағында жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудің австралиялық әдісі енгізілді.
Жер қойнауын пайдалануда енгізілген тағы бір жаңалық –аукцион өткізу.Жеңімпазды айқындаудың бірден бір өлшемі – қол қою бонусының мөлшері болып табылады. Алғашқы аукционның қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанда жүргізіледі.
Айта кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында Рио Тинто, Илука және Корес корпорациясы сияқты ірі әлемдік компаниялармен жер қойнауын пайдалану саласындағы озық технологияларды Қазақстанға беру жобаларын іске асыру басталды. Жаңа білім алу әрі кадрлар даярлау мақсатында Назарбаев Университетінде «Қазгеология» ұлттық компаниясымен бірлесіп, Тау-кен ісі мектебін, Жер туралы ғылымдар институтын (әріптесі Colorado School of Mines), сондай-ақ Геологиялық зерттеулер орталығын өзіне қамтитын геологиялық кластер құрылады.
2005 жылдан бастап Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асырудың басты жетістігі – 2013 жылы «ИПДО-ны жақтаушы елдер» ашықтық талаптары мен мәртебесіне халықаралық деңгейде Қазақстанның сәйкестігі танылды. 48 ел – ИПДО-ның мүшесі болып табылады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады