- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҮИИДМБ аясында өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды
Қазақстанда ҮИИДМБ аясында өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды
2010-2014 жылдары елде өңдеуші өнеркәсіпте 28 жаңа сектор пайда болды: авиағарыш саласы, комуникациялық жабдықтар өндірісі, суықпен өңдеп, ұзарту сымдары, электронды бөлшектер, талшықты-оптикалық кабель, фармацевтиканың негізгі өнімдері,бу қазандықтары, элекр жарығының жабдықтары өндірісі және т.с.с.
Отандық кәсіпорындар 50-ге жуық жаңа тауарлар экспортында бәсекелестік қабілетке ие болды: қара металдан құбырлар, жазық прокат, мұнай битумы, алтын ұнтағы, ұзынша шоколад, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдар, портландцемент, макарон бұйымдары, фосфор және полифосфор қышқылдары, тұз және натрийдің таза хлориді, мұнай газдары мен газ тәріздес көмірсутектілер, бастапқы орамдағы қара шай, меласса, мыс қоспаларынан жасалған сымдар, мыс пен мырыш қоспаларынан жасалған сымдар және т.с.с.
Бұл ретте, іс жүзінде Қазақстан өңірлерінің жартысында дерлік және өңдеуші өнеркәсіптің 20, тіпті одан да астам пайызы жаңа жобалар үлесіне тиюде – Индустрияландыру картасында, мұның өзі 5 жылда осы өңірлерде қайта индустрияландыру процесі басталды деп ауыз толтыра айтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, елдің өңдеуші өнеркәсібі дәстүрлі тау-кен өндіру өнеркәсімен салыстырғанда, жылдамырақ өсуде. Физикалық көлем индексі 2008-2014 жылдар кезеңінде 119,8% -ға қарағанда, 123,7% құрады. 2014 жылы шикізат тауарларына бағалардың төмендеуіне, соның салдарынан өндіруші сектордың өсуінің төмендеуіне (-0,3%) қарамастан, өңдеуші өнеркәсіп 1%-дық өсімін сақтап қалды, мұның өзі тұтас алғанда, өнеркәсіп өсуін сақтады -0,2%.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары