- Басты
- Жаңалықтар
- Италиядан «Кодекс куманикус» жазбасының электронды нұсқасы елімізге жетті
Италиядан «Кодекс куманикус» жазбасының электронды нұсқасы елімізге жетті
26 Қазан, 2015 13:24
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Дешті Қыпшақ дәуіріне жататын құнды жазбалардың бірі – «Кодекс куманикус» жазбасының электронды нұсқасын елімізге алдырғанымыз үлкен жетістік ретінде бағаланатындығын атап өтті.
«Мәдениет және спорт министрлігі мен Италияның Мұрағат комитеті арасындағы бекітілген келісімге сәйкес, екі ел арасында бұрын-соңды болмаған игі бастамалар қошға алынуда. Соның бір парасы көне жазбаларға байланысты. Мысалы, біз жуырда ғана елімізге Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус» шығармасының түпнұсқаға жақын түрі Италия мұрағатында жатқанын біліп, оның электронды нұсқасын Қазақстанға алып келдік. Енді соның негізінде арнайы кітап етіп басып шығаруды ойластырып отырмыз», - деді министр.
Министр сонымен қатар, Италия мен Қазақстан арасында көне замандарға тиесілі құнды деректердің елге жеткізіліп, қазақ тілінде басып шығару ісінде бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады