- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Италия Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын бірлесіп қоюды жоспарлауда – МСМ
Қазақстан мен Италия Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын бірлесіп қоюды жоспарлауда – МСМ
«Мәдениет және спорт министрлігі мен Италияның Мұрағат комитеті арасындағы бекітілген келісімге сәйкес, екі ел арасында бұрын-соңды болмаған игі бастамалар қошға алынуда. Соның бір парасы көне жазбаларға байланысты. Мысалы, біз жуырда ғана елімізге Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус» шығармасының түпнұсқаға жақын түрі Италия мұрағатында жатқанын біліп, оның электронды нұсқасын Қазақстанға алып келдік. Енді соның негізінде арнайы кітап етіп басып шығаруды ойластырып отырмыз. 2016 жылы біз Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын бірлесіп қоюды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Министр сонымен қатар, Италия мен Қазақстан арасында көне замандарға тиесілі құнды деректердің елге жеткізіліп, қазақ тілінде басып шығару ісінде бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, 2015-2016 жыл аралығында Қазақстанда Италия мәдениетінің жылдары өтуде. Біз осы шара аясында көптеген тың жаңашылдықтарға қол жеткізіп, терең қарым-қатынастар арқылы мол тәжірибе алмастық. Көне қолжазбалар дерегін алып, эстрада мен опера жанрларында бірлесе маман даярлау істерін бірлесе жүзеге асырудамыз. Міне, осыған қарап Италия – Қазақстанның ең жақын мәдени серіктесі деп айтуға толық мүмкіндік бар», - деді министр.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды