• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Rheinmetall германиялық концернінің басшысымен бірлескен жобаларды құру мәселесін талқылады

Б.Сағынтаев Rheinmetall германиялық концернінің басшысымен бірлескен жобаларды құру мәселесін талқылады

26 Қазан, 2015 12:43
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Rheinmetall (Германия) концернінің басқарма басшысы Армин Паппергермен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Rheinmetall машина жасаумен, әскери техниканы, автомобильде арналған құрылымды өндірумен айналысады.

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев  пен Армин Паппергер екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, Rheinmetall-мен Қазақстанда бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін сөз етті.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша Rheinmetall және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының өкілдері өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.   

Сонымен қатар, Қазақстан инжиниринг» пен Rheinmetall Eastern Markets GmbH бірлескен «Rheinmetall KE» кәсіпорнын құру жөніндегі құрылтай шартына қол қойды.

 

 

Барлық жаңалықтар