- Басты
- Жаңалықтар
- Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Собянин Астана мен Мәскеу арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашты (ФОТО)
Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Собянин Астана мен Мәскеу арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашты (ФОТО)
Мәскеу Үкіметінің делегациясы 23 қазан күні Астанаға ресми сапармен келген болатын. Бүгінгі кездесуге Мәскеу Үкіметіндегі қала құрылысы саясаты мен құрылыс мәселелері бойынша Мәскеу мэрінің орынбасары Марат Хуснуллин, қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымы Департаментінің басшысы, Мәскеу мэрінің орынбасары Максим Ликсутов пен Мәскеу Үкіметінің министрі, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаментінің басшысы Сергей Черемин қатысты.
Тарихи, территориалды және саяси байланыстар негізіндегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы түрлі салалар бойынша қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі қалалар арасындағы тығыз қарым-қатынасты 2000 жылы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-ағарту салалары бойынша екі елорда арасындағы Келісімге қол қою нәтижесінде орнатқан.
«Астана мен Мәскеуді халықтарымыздың көпғасырлық ортақ тарихы мен дамудың жаңа сатысындағы екі мемлекеттің жан-жақты өзара тиімді серіктестігі біріктіреді. Біз бауырлас-қала Мәскеумен қарым-қатынасты одан ары дамытуға үлкен мән береміз» - деді Ә. Жақсыбеков.
Әкім бұған дейінгі сапарлар нәтижесінде екі елорда арасындағы іскер және гуманитарлық серіктестіктің берік негізі қаланғанын, сонымен қатар, Астана әкімдігі екі жақты серіктестікті одан ары дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.
Мәскеу мэрі Астана дамуындағы өзгерістерге таңырқағанын жасырмады: «Мен мұнда бірнеше жыл болмадым, сол жылдар ішінде Астана көрікті, заманауи қалаға ғана емес, сонымен қатар, ірі мегаполиске айналды. Мұнда сәулет пен қала құрылысының үздік үлгілері жиналған. Шынында да, үйренетін нәрсе көп екен», - деді С. Собянин.
С. Собяниннің төрағалығымен Мәскеуде қала шаруашылығын модернизациялау бойынша ірі бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың тәжірибесі Қазақстанның жас астанасы үшін де қызықты. Бұл «Менің көшем» кешенді бағдарламасы мен көлік жүйесін жетілдіру, жағалауларды реконструкциялау және бұрыңғы өндіріс аумақтарында құрылыс жүргізу секілді бағдарламалар. Екі елорда арасында жергілікті атқарушы билік жұмысы аясындағы тәжірибе мен ақпарат алмасу жүзеге асырылуда. Жақында ғана Астана делегациясы саябақ аумақтарын дамыту тәжірибесін зерттеу мақсатында Мәскеуде болып қайтты.
Мәскеу мэрінің айтуынша, 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасы қалалық басқару, денсаулық сақтау, ақпараттық технологияларды дамыту секілді бірқатар салалар бойынша екі елорда арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтады. «Біздің серіктестігіміз формальді құжаттармен шектелмеген және шектелмейді де, - деді С. Собянин. - Мемлекеттеріміз арасындағы тарихи байланыс өте жақын. Уақытша экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз екі қала серіктестігінің жаңа деңгейіне шығамыз деп сенемін».
Ә. Жақсыбеков Астана 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасына қол қою нәтижесінде Мәскеумен ортақ жұмыстың жаңа деңгейін бастауға дайын екендігін мәлімдеді. Алда өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне тоқтала кетіп, әкім Мәскеуде ЭКСПО-ның кеңейтілген таныстырылымын, соның ішінде келесі жылы Мәскеудегі Астананың мәдени күндерін, сондай-ақ, көрме кезінде Мәскеудің Астанадағы мәдени күндерін өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, Мәскеу мэрі жақын арада Қазақстанның ВДНХ-да өз елінің жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін алаң қайта пайда болатынын айтты. С. Собяниннің айтуынша, Мәскеуде ВДНХ-дағы ең көрікті болады деп күтілетін қазақстандық павильонды реконструкциялау жұмыстарының жобалауы аяқталды. Бұл павильонда Астананың тұрақтың көрмесін ашу да ұсынылды.
Бүгін Мәскеу Үкіметі делегациясы Астананың нысандарын мен елорданың бірегей көз тартар орындарын аралайды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер