- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
СҚО-да әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
Мейiрбан мамандық иелерiн құттықтаған өңiр басшысы әлеуметтiк қорғау саласы қызметкерлерi еңбегiнiң маңыздылығын атап өттi.
«Облыста бұл салада екi мыңнан аса адам қызмет етiп келедi. Қарттар мен мүгедектерге , тұрмысы төмен отбасылар мен науқастарға қол ұшын берiп, қолдап жүрген бұл қызметкерлердiң еңбегi ерекше. Жауапкершiлiгi мен қиындығы мол қызметтерiңiзге сәттiлiк, барлығыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тiлеймiн! Кәсiби мерекелерiңiз құтты болсын!», — дедi Ерiк Хамзаұлы құттықтауында.
Ұзақ жылғы адал еңбектерi, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн дамытуға қосқан елеулi үлестерi үшiн облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 8 азамат, Алғыс хаттармен 7 қызметкер марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Құрмет грамотасы 7 қызметкерге табысталды.
«Әлеуметтiк еңбек саласының үздiгi» төс белгiсiмен Петропавлдық балалар психоневрологиялық үй-интернатының палаталық санитар қызметкерi марапатталды.
Салтанатты iс-шара облысымыздың шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттiк бағдарламаға ұласты.
Бүгiнде Солтүстiк Қазақстан облысында 111 мыңнан астам адам мемлекеттiк қолдаумен қамтылған. Өңiрiмiздiң әлеуметтiк саласында 2 мыңнан астам адам қызмет етедi.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды