- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте «Парасатты полицей» байқауы мәреге жетті
Шымкентте «Парасатты полицей» байқауы мәреге жетті
Мемлекеттік тіл жөніндегі білім жарысының мақсаты – тәртіп сақшылары арасында патриотизмді насихаттау және қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.
«Парасатты полицей» республикалық байқауы биыл алтыншы рет өтіп отыр. Ол ішкі істер саласында аз жылдардың өзінде танымал, беделді шараға айналды, ондағы жеңістің де салмағы басым саналады.
Байқау нәтижесінде әділ-қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер депармаментінің «15-ші өңір» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің «Серт береміз» командасы, ал үшінші орынды Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің «Ұлы дала ұландары» командалары иеленді.
Байқау қорытындысында шараға қатысқан командаларды өзге де аталымдар бойынша марапаттады, олар:
«Көрермен көзайымы» номинациясын –Шығыс қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің «Бірлігіміз жарасқан» командасы;
«Ұйымшыл команда» номинациясын –Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің «Каспий қырандары» командасы;
«Тапқыр команда» номинациясын –Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің «Үш бақытым» командасы;
«Өнерлі команда» номинациясын – Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің «Тараз қырандары» командасы;
«Тілегі мен тілі бір» номинациясын –Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің «Ертіс сақшылары» командасы.
«Парасатты полицей» байқауында жүлделі орындарды иемденген үздік командалар түрлі номинациялармен, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен ұласты.
Ал, «Парасатты полицей» республикалық байқауының көшпелі нышанын ОҚО ІІД-нің бастығы А.Оспанов Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің өкіліне табыстыды. Келесі, яғни 2016 жылы «Прасатты полицей» байқауы Ақтөбе қаласында өтетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді