- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ Елшілерінің делегациясымен кездесті
Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ Елшілерінің делегациясымен кездесті
Меймандармен жүздесуде Сенат пен Мәжілістің комитет төрағалары Икрам Адырбеков пен Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ды халықаралық қауіпсіздіктің іргесін қалаушы маңызды құрамның бірі екендігін атап өтті.
Сонымен қатар қазақстандық Парламент ЕҚЫҰ-ның ұстанымдарын іске асыру бағытында қызмет етуге әзірліктерін, алдағы уақытта да солай болатынын мәлім етті. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге үлес қоса беретінін айта келе, дипломаттар қазақстандық этникааралық үндестіктің маңызына тоқталып, оның бейбітшілік сүйгіш бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін танытты.
Әңгімелесу барысында қазақстандық Парламенттің заң шығару мәселелеріндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Жібек жолы белдеуіндегі қытайлық экономикалық жобамен біріктіруі жайына ерекше назар аударылды.
Әрі олардың Еуроодақпен өзара байланысының келешегі туралы да айтылды. Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамбелясының алатын орны мен парламент құрылымының интеграциялық жүйедегі маңызына тоқталды.Сондай-ақ, тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты өркендету, соның ішінде парламентаралық дипломатия мәселесін айырықша атады.
Жүздесуге Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова, Қуаныш Сұлтанов, Сенат депутаттары Владимир Бобров, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов және Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілі Қайрат Сарыбай қатысты.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді