- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл әскери қызметшілерге арналған шамамен 100 мың шаршы метр баспананы күрделі жөндеу, салу және сатып алу жолымен тапсыру жоспарлануда
Биыл әскери қызметшілерге арналған шамамен 100 мың шаршы метр баспананы күрделі жөндеу, салу және сатып алу жолымен тапсыру жоспарлануда
Бүгінгі күні Астана, Алматы, Тараз, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жаркент, Теміртау, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларында жалпы ауданы 12 855 шаршы метр 187 пәтер сатып алу жүзеге асырылды. Сонымен бірге, тағы да 154 әскери қызметші мен олардың отбасылары жылдың басында күрделі жөндеуден кейін жаңартылған баспанаға қоныстанды.
Гвардейск кентінде 52 пәтерлік тұрғын үй, Шеңгелді кентінде 60 пәтерден тұратын үй тапсырылды. Күні бұрын толық жаңартудан өткен, қалпына келтірілген, кірпіштен қаланған жатақханада 42-ге жуық пәтер Ақмол кентіндегі әскери бөлімде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге тапсырылды. Күрделі жөндеуден кейін бұл тұрғын үйлерде терезелер, есіктер, жабын және инженерлік желілер толық ауыстырылды, қасбет жөнделді.
Жақын арада күрделі құрылыс арқылы Астана қаласында жалпы ауданы 29 704 шаршы метр тұрғын үй мен 298 пәтерден тұратын жатақхана тапсыру жоспарлануда. Нысандарда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды, әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2009 жыл мен 2014 жыл кезеңінде Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлерінде қызмет өткеріп жүрген 6 300-ден аса әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесі шешілді. 6 336 пәтер, оның ішінде 273 пәтерден тұратын 201 жекежай пайдалануға берілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы