- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның аграршыларына 2015 жылдың Егін жинау жұмыстары шеңберінде 1500 астам ауыл шаруашылығы техникасы табысталды
Қазақстанның аграршыларына 2015 жылдың Егін жинау жұмыстары шеңберінде 1500 астам ауыл шаруашылығы техникасы табысталды
Айта кетейік, көбінесе аграршылар комбайн сатып алуды қажетсінеді. Жалпы табысталған техника санының 500 бірлігі осы техника түріне келеді. Қазақстандық диқандар бәрінен де қазақстандық құрастыру өндірісінің VECTOR, НИВА KZ, ESSIL сияқты комбайндарын, сондай-ақ Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, АҚШтан және Еуропадан әкелінетін техникаларды таңдайды. Комбайндардан басқа, қазақстандық құрастыру өндірісінің тракторларын, астық кептіргіштер, дестелегіштер, шөп шабатын машиналар, десте жинағыштар мен өзге де қосымша техникалар сатып алуға тапсырылған өтінімдердің саны жыл сайын көбейіп келе жатқаны байқалады.
Тұтас алғанда, статистикаға сәйкес, қырда жұмыс істеп жатқан техникалардың көпшілік үлесі елімізге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жеткізілген деп айтуға болады. Бүгінгі таңда компания лизингке техника алу үшін анағұрлым ұтымды шарттарды ұсынады.
Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% мөлшеріндегі аванстық төлемнің мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарта отырып, 7 жылға дейін несиелендіру мерзімін көздейді. Ауа-райы жағдайларының ықтимал кедергілерін ескере келіп, осыған ұқсас шарттар лизингке дән тазартқыш және дән кептіргіш жабдықтарын сатып алу үшін де көзделген.
Айта кеткен жөн, бүкіл жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 336,4 млрд. теңгеге 33,7 мың бірліктен артық ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар сатып алуды қаржыландырды. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық машина-трактор паркін жаңарту бойынша «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. 2015 жылы техника сатып алуға 32 млрд. теңге, соның ішінде, көктемгі-дала жұмыстарына - 10,5 млрд. теңге және егін жинау жұмыстарына - 18 млрд. теңге бөлінді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді