- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігін айтты (ФОТО)
ҚР Мемлекеттік хатшысы жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігін айтты (ФОТО)
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ зиялылар Тобының мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев, Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Сербия Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілі Вук Жугич, Қақтығыстардың алдын алу бойынша ЕҚЫҰ Орталығының директоры Марсел Пешко, АҚШ Мемлекеттік департаментінің әскери-саяси мәселелері бойынша Бюросының аға Кеңесшісі Пол Фритч, қауіпсіздік саласындағы қазақстандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатысты.
Конференцияда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің ауқымды күн тәртібін бірлесіп қалыптастырудың келешегі талқыланды.
Өзінің кіріспе сөзінде Г.Н.Әбдіқалықова конференцияға қатысушаларды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы барысында көтерген бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды.
Гүлшара Әбдіқалықова жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігін жеткізді, яғни, 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісіне қатысушы мемлекеттер келіскендей «халықтар тек шынайы әрі берік бейбітшілікте ғана өмір сүре алады».
Мемлекеттік хатшы ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде құрудың маңыздылығын айтып, Қазақстан – ядролық полигонды жапқан және ауқымы бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел екенін атап көрсетті.
Сөзінің соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова конференцияның қазіргі заманғы әлемдік ахуалдың архитектурасын одан әрі нығайтуға және дамуына нақты үлес қосатынына сенім білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді