- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Ана Үйі» қоры жұмысының нәтижесінде 1-1,5 жас аралығындағы жетім балалардың саны қысқарды
Қазақстанда «Ана Үйі» қоры жұмысының нәтижесінде 1-1,5 жас аралығындағы жетім балалардың саны қысқарды
«Жобаның мақсаты – Қазақстандағы жетім балалар санын азайту. «Ана Үйі» - бұл әйелдерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету. Дағдарыс орталығы – Қазақстанның жалғыз басты аналарына қолдау көрсету. «Ана Үйі» ҚР-ның барлық перинаталды орталықтары мен перзентханаларымен тығыз қарым-қатынаста. Жобаның жедел желісіне шығу басшылыққа бірнеше көзден келеді: өз баласынан бас тартқысы келген аналардың өзінен, аналардың туыстары мен достарынан. Бізге қоңырау түскен кезде біздің үйлестіруші Қазақстан өңіріне ьарып, жас ананы ешқандай асығыс пікір қабылдамауға көндіреді. Бірнеше уақыт бойы дағдарыс орталығында өмір сүруге ұсынады», - деді Н.Борамбаева.
Дағдарыс орталығында 1-1,5 жас аралығындағы балалар мен аналар өмір сүреді. Атқарушы директор атап өткендей, бала денсаулығының жағдайы физикалық ауруға душар болса тұру уақыты 1,5 жылды құрайды.
« «Ана Үйінде» әйелдерге моральдық және материалдық көмек көрсетеді. Оған баспана, азық, киім, медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі», - деді ол.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен келісім бойынша дағдарыс орталықтары белгіленген емханаларға тіркелген. Сондай-ақ, әйелдерді оқыту үшін тігін цехтері мен компьтерлік курстар ашылды. Н.Борамбаеваның айтуынша, болашақта әйелдер өз ісін ақша табысы үшін қолданыла алады.
«Біз Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келіскен болатынбыз. Бізде бос жұмыс орындар кестесі бар, әйелдерді өіндік ісіне байланысты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туып отыр», - деді ол.
Жыл сайын Қазақстан бойынша мыңдаған әйел дағдарыс орталығына жүгінеді. Бүгінде олардың саны 27 үйді құрайды.
«Егер әйелдерден туған-туыстары бас тартса, біздің психологтар әйелдермен ғана емес олардың отбасымен де кеңестер өткізеді. Жыл басынан бері 478 әйел жобадан кетті, қазір 236 әйел отбасымен байланыс орнатты. Біз балалардың қызығушылығы үшін жауап береміз, себебі олар отбасында тәрбиеленуі тиіс», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары