- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 1000-нан астам экологиялық таза автобустар қызмет ететін болады – А.Есімов
Алматыда 1000-нан астам экологиялық таза автобустар қызмет ететін болады – А.Есімов
«Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдануда. Мегаполистің басты экологиялық проблемасы ауаның ластануы. Оның ішінде жалпы ластану көлемінің 80% автокөліктердің үлесінде. Орташа есеп бойынша бүгінде қалада 520 мың көлік бар. Ал күн сайын мегаполиске 200-300 көлік кіріп-шығады», - деді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, автокөліктердің зиянды газ шығару нормасына бақылау жасау үшін қалаға кіретін негізгі жолдарға экологиялық бекеттер қойылған. Осы жылдың 9 айы ішінде осы бекеттерде 31 880 ауытқушылықтар анықталды. 125 млн. 848 тыс. 884 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
«Бәрінен бұрын біз көліктердің жанар-жағармай сапасын тексеруді қолға алдық. Екіншіден қалаға кіре беріс жерлерде биыл 13 экопост орнаттық. Оның қызметі кіретін көліктердің стандарттарға сай келер-келмесін анықтау. Бүгінге дейін осы тексеріс бойынша 30 мыңнан астам көлік жүргізушісіне айыппұл салынды», - деп жалғады сөзін А.Есимов.
Қаладағы көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында 4 автовокзалдың құрылысының жобалық-сметалық жұмыстары басталды. Ондағы көлік тұрағының орны шамамен 5 мыңды құрамақ.
Қала басшысының мәліметінше, Алматыға 17 трамвай мен 195 троллейбус алынған. Ал экологиялық транспорт саны қазіргі уақытта 675-ті құрайды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар