- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мухамедиұлы: Гуманитарлық ынтымақтастық – халықтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың мықты іргетасы
А.Мухамедиұлы: Гуманитарлық ынтымақтастық – халықтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың мықты іргетасы
«Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық форумы қоры құрылғалы 9 форум өткізілді, шараларда мәдениеті, білім беру, ғылым, ақпарат, спорт және туризм салалары талқыланды. Осы жылғы мерекелік форум Астанада өтуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан ТМД құрылғалы бері елдердің мәдени-гуманитарлық сала мен өзге салаларда көпжақты ынтымақтастығы жолында жұмыс істеді», - деді министр.
Министрдің айтуынша, аталмыш форум гуманитарлық саланың өзекті сұрақтарына бағытталған.
«Бұл форум жаңа бастамалар мен жобаларға бастама болады деп ойлаймыз. Мәдениет диалогі – өзара ынтымақтасуға, жақындасуға және проблемаларды тиімді жолмен бірлесіп шешуге бағытталған орта. Гуманитарлық орта елдер арасындағы даму мен қалыптасу іргетасы болып есептеледі», - деді ол.
Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек.
Анар Тәңірқұлова
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу