- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда екі бірдей балабақша іске қосылды (ФОТО)
Талдықорғанда екі бірдей балабақша іске қосылды (ФОТО)
Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданында бой көтерген 320 орынды «Айбөбек» және Солтүстік-Батыс тұрғын алқабында орналасқан 280 орынды №15 «Айгөлек» балабақшаларының салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов ата-аналар мен бүлдіршіндерді және жаңа мекеме ұжымдарын құттықтап, ғимараттардың құрылымымен танысты. Балабақшаның ойын, жатын, үйірме және басқа да бөлмелерін аралап, тәрбиеленушілердің өнерін тамашалады, оларға ойыншықтар тарту етті.
Облыс орталығындағы 320 орынға арналған бұл «Айбөбек» балабақшасының құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған. Нысанның құрылысын жүргізген бас мердігер - «Гәкку құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 695,6 млн. теңге бөлінген. Жалпы ауданы 3984,4 шаршы метр болатын осы балабақша ғимараты 2 қабаттан және жер асты қабаты мен 5 арнайы блоктан тұрады. Ғимаратта бүлдіршіндердің ойнап-тынығатын бөлмелерінен бөлек, асхана, киім ауыстыру, медициналық көмек көрсету, киім жуу, гимнастика және ән-күймен шұғылдану бөлмелері, балабақша меңгерушісі, әдіскерлер мен мұғалімдер кабинеттері және тәрбиеленушілерді тынықтыру мен сергіту мақсатында арнайы декоративті сәндендірілген субұрқақ орнатылған.
Солтүстік-Батыс тұрғын алқабындағы 280 орындық №15 «Айгөлек» балабақшасының құрылысы да өткен жылдың маусым айында басталған. Бас мердігер - «СурМАК» ЖШС салған бұл мекеменің құрылысына бюджеттен 637,6 млн. теңге бөлінген.
Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектепке дейінгі тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыста биылғы жылдың соңына дейін 92 балабақша және 17 шағын орталық ашу жоспарланған. Бүгінгі күнде өңірде жұмыс істейтін 769 мектепке дейінгі мекемеде 53 мың 982 бала қамтылып отыр.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды