• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорскіде жыл соңынай дейін күкірт қышқылы зауытының құрылысы аяқталады

Степногорскіде жыл соңынай дейін күкірт қышқылы зауытының құрылысы аяқталады

1 Қараша, 2013 12:45
Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып қайтты, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аймақ басшысы аймаққа  сапарының барысында бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады. Соның бірі күкірт қышқылы зауыты. Кәсіпорынның құрылысын жыл соңына  дейін аяқтау жоспарлануда», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, Қ. Айтмұхамбетов қаланың даму инфрақұрылысымен танысты.

«2013 жылы қаланың келбеті өзгерді. 1 млрд теңгеге 4,5 км жол төселіп, мәдениет үйінің құрылысы аяқталуда», - деп хабарлады облыс әкімдігі. 

Барлық жаңалықтар