- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда жетім балаларға пәтер берілді (ФОТО)
Талдықорғанда жетім балаларға пәтер берілді (ФОТО)
Жаңа қоныс иелеріне кілт ұсынған облыс әкімі Амандық Баталов:
«Бүгін ел болашағы жастарымыз үшін – қуанышты күн. Сіздердің жандарыңызды ата-аналарыңыз болмағанмен, тәуелсіз еліміз бар, әкелік қамқорлығын аямайтын Елбасымыз бар. Облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық бағыттары қамтылып, биыл да жалғасып келеді. Бүгінгі игілікті қуаныш соның бір жарқын көрінісі. Жаңа баспаналарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Өмір жолдарыңыз ашық болсын», - деп тілектестігін білдірді.
Қоныстанушылар атынан Денис Морозов сөз алып, «Мен өмірде екі байлық бар деп білемін, бірі – отбасы, екіншісі – баспана. Менің отбасым бар, ал екінші байлық - баспананы бүгін сіздер сыйладыңыз. Осы толайым игілік үшін Президентімізге, облыс және қала басшыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деді.
Бас мердігер «Шымыр» ЖШС бұл коммуналдық үйдің құрылысын өткен жылдың тамызында бастап, биылғы жылдың қазанында толығымен аяқтады.
Бес қабатты нысанның жалпы сметалық құны 348,5 млн. теңге. Мұнда бір бөлмелі 28 пәтер, екі бөлмелі 32 пәтер бар және пәтерлердің жалпы алаңы 3170 м2 құрайды.
Бұл коммуналдық үй жетім балаларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында арнайы салынды.
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
Науқас балаларға донор табу: негізгі проблемалар қандай -
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді