- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Қазақстан мен Беларусь партизан Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреді
2016 жылы Қазақстан мен Беларусь партизан Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреді
«Біз форум аясында маңызды келісімдерге қол қоямыз. Мәселен, 2016 жылы Беларусь Республикасымен бірлесіп, партизан, Қазақстанның көрнекті қайраткері Әди Шәріпов туралы көркем фильм түсіреміз. Ол сонау қиын-қыстау 40-шы жылдарда Беларусьта партизан болған еді», - деді министр.
А.Мұхамедиұлы бүгінгі шараның маңыздылығына да тоқталып, мұндай басқосуларда ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері бірлесе атқаратын негізгі бағыттар айқындалатындығын айтты.
Әди Шәріпов - (1912 – 1933) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Мариновка ауылында дүниеге келген. Жазушы, филология ғылымының докторы (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1957).1963–1966 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі, 1966–1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы, 1971–1979 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1979–1993 жылдары институт директоры қызметтерін атқарған. 5–6-сайлауында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің және 7-сайлауында КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.Ұлы Отан соғысына қатысып, партизан отрядын басқарған. Партизандардың ерлік күресін өз шығармаларына арқау етті. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтуде.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды