- Басты
- Жаңалықтар
- Ахметжан Есімов Алматы қаласының перспективті жобалары туралы баяндады
Ахметжан Есімов Алматы қаласының перспективті жобалары туралы баяндады
«Біріншеден, Алматы қаласында осыдан бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен «Алатау» инновациялық технология паркі арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Аталмыш аймақ үшін арнайы салықтық және кедендік режим жұмыс істейді. Осының арқасында соңғы екі жылда жобаға қатысушылардың саны 4 есеге өсті. Ал бюджеттік түсім болса да екі есеге өскені белгілі. Бұл Елбасының тапсырмасының нық орындалуы», - деді қала әкімі.
Екінші бағыт – Алатау ауданында 490 гектарлық индустриалды аймағын құру. Қазірде жер теліміне инженерлік коммуникация жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімовтың айтуынша, Алматының жалпы өңірлік өнімі былтыр 5,6 трлн.теңгені құрады. Жан басына 25 мың доллардан келеді. Бұл Чехия, Польша, Венгрия сияқты орталық Еуропа елдерінің деңгейінде, Болгария, Румыниядан анағұрлым жоғары. Бұл Оңтүстік Кореяның деңгейі. ӨЖӨ көлемі бойынша қала көршілес мемлекеттердің ӨЖӨ деңгейінен бірнеше есе асып түседі. Биыл біз 10-12% деңгейінде өсім болады деп болжам жасап отырмыз, бұл 6,2-6,3 трлн.теңгені құрайтын болады.
Айта кету керек, 2013 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша инфляция 102,9% құрады, орташа жалақы 139 мың теңге, жұмыссыздық 5,6%-ды құраған.
Айта кетейік, Үкіметттің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы туралы атап өтті. БЭА бойынша Атырау облысында 3 жоба, Алматы мен Павлодар облысында бір де бір жоба жоқ. Мемлекет басшысы осы орайда Премьер-Министрге БЭА саласы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары