- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды
Сенатта бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған Заң енді Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Парламент қабылдаған заң бюджетті жоспарлау сапасын жоғарылатуды қамтып, бюджет жобасын ұсынудың форматын өзгертетін болады.
Құжатқа сәйкес, министрлер мен облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды бекіту қарастырылады. Стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың жаңа форматын енгізу, бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсыну форматын өзгерту көзделеді.
Оған қоса, мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдарға шағын бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгертпестен дербес қайта бөлу құқығы беріледі.
«Бұндай құқықты беруге байланысты бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және бюджеттік бағдарламалар басшыларының тәртіптік жауапкершілігі енгізіледі», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Сонымен қатар заң арқылы Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, оны қалыптастырудың және пайдаланудың жылдық есебінің сапасын көтеруге бағытталған шаралар да қамтылып отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері