- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы 2020 жылға қарай өз табысын декларациялайды
Қазақстан халқы 2020 жылға қарай өз табысын декларациялайды
«Азаматтардың Декларациялау жүйесіне «кіруі» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы ұсынылады. Мәселен, 2017 жылы Декларациялау жүйесіне халықтың неғұрлым дайындалған бөлігін тарту болжанады. Бұл депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Сонымен қатар, бірінші кезеңде, ілкі жоба ретінде ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналын және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін декларациялау жүйесіне кіргізу ұсынылады. Ал жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2020 жылға қарай жоспарланып, оған халықтың қалған бөлігін тарту көзделген», - деді Б. Сұлтанов.
«Жалпыға бірдей декларациялауға көшу соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып келеді. Көптеген дамыған елдер жеке тұлғаларды дербес декларациялау жүйесін салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға арналған тиімді құрал ретінде бағалайды.Сондықтан да бүгінгі заң жобасы Елбасының осы бағыттағы тапсырмасын жүзеге асыру үшін және Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды енгізу үшін заңнама негізін құрайды», - деді Қаржы министрі.
Оның айтуына қарағанда, заң жобасының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың декларация толтыру және оны тапсыру рәсімдерін регламенттеуге арналған. Атап айтқанда, декларация тапсыруға міндетті болатын тұлғалар дәл анықталады. Сонымен қатар, декларациялардың нысандары, оларды толтыру қағидалары мен табыс ету мерзімдері айқындалады.
Оның айтуынша, Декларациялау жүйесінің өзі екі түрлі декларация ұсынуды көздейді. Оның біріншісі - бір рет қана тапсырылатын «кіріс» декларациясы әрі бұл «активтер және міндеттемелер туралы декларация» деп аталады. Онда жеке тұлғалар кірген жылының басында елімізде және шетелдегі жинақталған қаражаты және мүлкі туралы мәліметтерін көрсетеді, сондай-ақ өзінің басқа адамдарға қарыздарын және егер бар болса, керісінше, басқа адамдардың өзіне қарыздарын көрсетеді.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»