Ақмола облысында қарт адамдарға 193 млн теңгеге көмек көрсетілген

1 Қараша, 2013 12:20
Қарттар мен мүгедектерді қолдау акциясының аясында 86 мың адамға 193 млн теңгеге көмек көрсетілді, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аймақта 100 мыңнан артық адам  шоғырланған. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдарды қолдау  айлығының аясында 26  мың адамға көмек көрсетілді», - деп хабарламада нақтыланған.

Ақмола облысында Қосман Айтмұхамбетов гала-концертке жиналғандар алдында  сөз сөйлегенде егде жастағы адамдардың еңбегін бағалап, алғысын айтты. Ол атап өткендей, егде жастағы адамдарды қамқорлыққа алу мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігі.

 

Барлық жаңалықтар