- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметке тұңғыш келген қызметкерлер міндетті 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді
Мемлекеттік қызметке тұңғыш келген қызметкерлер міндетті 3 айлық сынақ мерзімінен өтеді
Аталған құжат Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
Заң жобасын жалпы қарайтын болсақ, мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, құзыреттілік негізінде мақсаттық, яғни лауазымдық жоғарылатуға, нәтижеге байланысты еңбекақыны анықтауға бағытталады. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстық, ағайынға бұрушылық пен заңсыз қамқоршылық жағдайларын барынша жояды.
«Заң жобасы бойынша алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылдау үш сатылы конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асатын болады. Бірінші кезеңде үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде агенттік арнайы сұхбаттасу арқылы үміткердің жеке қасиеттерін тексереді. Үшінші кезеңде мемлекеттік орган кандидаттың кәсіби білімін, біліктілігін айқындайтын болады. Сынақ мерзімінен өте алмағандар агенттіктің келісімімен жұмыстан босатылуы тиіс», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметтердің ротациясы жүзеге асырылады.
Ал мемлекеттік қызметшілер басқа жерге ротация кезінде жекешелендіру құқығынсыз мемлекеттік тұрғын жаймен қамтамасыз етілетін болады.
«Биылғы жылы біз «Б» корпусының резервінде тұрғандардың елу пайызын жұмысқа орналастыра алмадық. Олардың уақыты келген сайын алынып тасталады.Осындай олқылықты жоюды көздеп отырмыз», - деді Қ. Қожамжаров.
Анар Тәңірқұлова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді