- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының ФКИ 175 млрд теңгені құрады
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының ФКИ 175 млрд теңгені құрады
Өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің физикалық көлем индексі 175 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4 % құраған, бұл республика бойынша бесінші орын.
«Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 220,3 млрд.теңге немесе 104,9%. Бұл сала бойынша біздің өңір республика бойынша 3-орында. Инвестицияның физикалық көлем индексі – 109,9%, бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс 7 орында. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша 5-орында. Тұрғын-үй енгізу бойынша облыс 3-орында, көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда бірдей–144,5%» - деп хабарлады баяндамашы.
Өсімдік өсіру саласы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4 % артып, 118,5 млрд.теңгені құраған. Облыс бойынша 11,2 ц/га. орташа өнімділік жағдайында 4,6 млн. тонна астық жиналды. Барлық негізгі үй жануарлары санының көбеюіне байланысты және өндіріс көлемінің артуына байланысты мал шаруашылығы физикалық көлемінің индексі 108,3% құраған.
«Машина құрастыру саласы бойынша «ЕПК Степногорск» АҚ 6,9 мың. тонна подшипниктер шығарған, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 426 жүк көлігін жинаған, ал Атбасар электровоз жөндеу зауытының филиалы «Қамқор-Локомотив» ЖШС 3 млрд. 643,4 млн. теңге соммасына электровоздардың жөндеу жұмыстарын жүргізген», - деді басқарма басшысы.
Азық-түлік өнімін өндіру өндірісінде, Б.Малғаждаровтың мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда ет және қосалқы өнімдер өндіру 42,6%, сары май өндірісі 19,1% артқан.
Химиялық өндірісте пестицидтерді өндіру көлемі 4% ұлғайған.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы