- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының тағы бір елді мекені көгілдір отынға қосылды (ФОТО)
Қызылорда облысының тағы бір елді мекені көгілдір отынға қосылды (ФОТО)
Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражатты газ саласындағы ұлттық оператор -«ҚазТрансГаз» компаниясы бөлді. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады. Ол жұмыстарға қажетті 16 млрд. теңгені Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі инвестицияламақ.
«Алдымен баршаңызға Елбасының ыстық сәлемін жеткізейін. Екі күндік жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы аймақта атқарылып жатқан жұмысқа жоғары бағасын берді. Бұл облыс халқының жұмыла жұмыс жасауының нәтижесі. Осындай игі шараның біріне бүгін тағы куә болып отырмыз. Өткен апталарда Жаңақорған мен Шиелі ауданы көгілдір отынға қосылды. Келер жылы қалған үш ауданда газдандыру жұмысы басталады. Сол кезде облыс халқының 83 пайызыкөгілдір отынға қол жеткізеді», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1439 км газ құбыры салынды. «ҚазТрансГаз» әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания. Істеп отырған жұмысымыз түгелдей халықтың тұрмысын жақсартуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов.
Әйтеке би кентінде бүгін үйіне алғаш болып көгілдір отынды кіргізген Құсановтар отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.
«Бұрын үйде от жағып, әуреге түсетінбіз. Сатып алатын көмірімізге де көп қаржы жұмсадық. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды», - дейді аудан тұрғыны Үрпатша Аймағамбетова.
Айта кетейік, келесі аптада Арал ауданы көгілдір отынға қосылады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады