- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жастардың XI ұлттық дельфи ойындары басталады (ФОТО)
Астанада жастардың XI ұлттық дельфи ойындары басталады (ФОТО)
Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Жарыс өнер түрлерінің барлығын - бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы өнер, шешендік өнерін, т.б. өнер түрлерін қамтиды. Оған республиканың барлық аймақтарынан кез келген өнерпаз қатыса алады.
«Қатысушылардың құрамы халықаралық стандарттарға сай, әрбір номинация бойынша талап күшті. Байқау жеңімпаздары 2016 жылы халықаралық сайысқа қатысады. Осы жылы қатысушалыр 20 номинация бойынша бақтарын сынайды», - деді «BAQ ORDA» Media Group директоры Мәди Манатбек.
Қатысушылар ұлттық жанрлар, классикалық және заманауи өнер түрлеріне сәйкес 20 номинация бойынша сыналады. Номинациялар құрамына академиялық, эстрадалық және халықтық орындау, мәнерлеп оқу, қолөнер өнері, тележурналистика, ди-джей, фотография мен қысқаметражды фильм бар. Мәди Манатбек айтып өткендей, осы жылы "битбокс" пен "веб-дизайн" секілді екі жаңа номинация қосылған.
Байқауға қатысушылардың еңбегін жоғарыбілікті қазы алқасы бағалайды. Оның төрағасы Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева.
«Дельфи ойындары Қазақстанда өзіндік орнын тапты. Бұл біздің елде сайысқа қатысып, өз өнерін көрсету үшін тағы бір мүмкіндік», - деді А.Мұсақожаева.
Қатысушыларды өзінің жарқын туындыларымен қолдауға «Ұлытау» тобы, «Славянский базар-2015» халықралық байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Елшібаева мен Дельфи ойындарының жеңімпаздары келді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды