- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге енген өзгертулерді мақұлдады
Мәжіліс мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге енген өзгертулерді мақұлдады
Заң жобасы мүгедектерге Конституцияда, Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың басқа да азаматтармен тең мүмкіндіктері қамтылады.
«Заң жобасы 4 кодекс пен 20 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық қолдау туралы» ҚР заңы мүмкіндігі шектеулі балалармен психологиялық-педагогикалық үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында толықтырулар мен өзгертулер енгізу қарастырылған», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова.
Оған қоса, заң жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше бағыттарды қамтиды. Оның ішінде көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сала қызметтерін жақсарту, ақпарат пен тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сонымен бірге құқықтық көмекті жетілдіру қамтамасыз етіледі.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін баспана пәтерінің екінші қабаттан жоғары болмауы, басқа баспана берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға жол бермеу қарастырылып отыр.
Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіріп, оларды оңалту саласындағы қызметтерін көрсетудің тиімділігін арттырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі ескеріле отырып, оларда туындайтын кедергілер мен тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Тұрғын үй қатынасы» туралы заң мүмкіндігі шектеулі адамдардар тұратын және тұруға жарамсыз тұрғын үйлерде хаттамалы рұқсат арқылы өзгертулер бойынша толықтырылды.
Индира Кауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі