- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін қолдану ауқымы кеңеюде
Жамбыл облысының өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін қолдану ауқымы кеңеюде
«Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттыруды көздеген бұл жарыс 2008 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жылдан жылға қатысушылардың қатары да толығуда. Биылғы жылы 17 үміткер ниет білдірген», - деп хабарламада нақтыланған.
Тіл білгірлері үш номинация бойынша сынға түсті. Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасауда туған өлкенің тарихымен таныстырса, жазбаша және ауызша бөлігінде қатысушылар қазақ тілінде эссе жазып, түрлі сауалдарға жауап берді. Ал шығармашылық тапсырмада орыс жастары қазақтың әндерін шырқап, көркем шығармадан үзінді көрсетті.
Қазақ тілінде еркін сайраған орыс жастары байқау барысында өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетумен қатар, өздерінің білімділігн дәлелдеуге тырысты. Облыстық деңгейдегі жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталып, бас жүлдені иеленген үміткер республикалық жарысқа жолдама алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері